Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр такси жүргізушілерінің жұмыс уақытына қойылатын шектеу қашан күшіне енетінін айтты

Жарияланған күні:

Такси жүргізушісі
Такси жүргізушісі. Көрнекі сурет: pexels.com

Көлік министрі Марат Қарабаев бүгін Қазақстанда такси жүргізушілерінің күнделікті жұмысына шамамен қашан шектеулер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Биыл емес, келесі жылы нақты айтамын, бұл мемлекеттік органдар тарапынан да, бірінші кезекте интернет-агрегаторлар тарапынан да біраз дайындықты қажет етеді", - деп жауап берді Қарабаев.

Еске салсақ, Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет кулуарында такси жүргізушілерінің жолаушылар тасымалын 50 километрге шектеу туралы ұсынысқа ойын айтты. Оның сөзінше, әзірге бұл ұсыныс бойынша нақты шара қарастырылмаған.

"Такси жүргізушілерінің тасымалын 50, 100 километр шектеу бойынша нақты өзгеріс қарастырылмаған, ұсынысқа қоғамдық тыңдау болған жоқ. Бұл жұмыс тобы мүшелерінің агрегаторлардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарының бірі ғана", - деді Қарабаев.

Бұған дейін Қазақстанда такси жүргізушілеріне жолаушыларды 50 шақырымнан артық тасымалдауға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150595-ministr-taksi-zhurgizushilerining-zhumys-uaqytyna-qoiylatyn-shekteu-qashan-kushine-enetinin-aitty/