Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамызда қанша адамның ҰБТ бойынша нәтижесі жойылған

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығы өткен аптада аяқталған тамыз айындағы ҰБТ қорытындысын жариялады. Ондаған адамның қорытындысы жойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының Telegram-дағы ресми арнасында 18 мыңнан астам адам тест тапсырғаны хабарланды. Оның ішінде:

  • талапкерлердің 52 пайызы шекті балл жинады;
  • орташа балл – 54 балл;
  • ең жоғары балл – 128 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 100 талапкер қатысты.

Тестілеу орталығының дерегінше, ереже бұзғаны үшін 77 адамның нәтижесі жойылған. Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 44 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 33 адам аудиториядан шығарылған.

Талапкердің орнына тест тапсыруға кірген бөгде адамдар анықталмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі жоғары балл ала тұра грантқа ілінбей қалғандар туралы пікір білдірген еді. Саясат Нұрбектің сөзінше, түлектер мамандық таңдайтын кезде грант санына мән бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150604-tamyzda-qansha-adamnyng-ubt-boiynsha-natizhesi-zhoiylgan/