Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу өңірінде депутат делінген ер адам балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

Желіде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты делінген ер адам жеті жасар балаға зорлық көрсетті деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Осы жайтқа қатысты Ақсу аудандық полиция бөлімі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасы ер адам балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын хабарлап, оның аудандық мәслихаттардың бірінің депутаты екенін жазды.

"Сараптама 7 жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісін растады. Күдікті ұсталды. Тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы жазбада да қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

"Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпараттар жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150610-zhetisu-ongirinde-deputat-balaga-zorlyq-korsetti-degen-kudikke-ilindi/