Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 минут жұмсаймын": шымкенттік суретші туындысын тез салумен жұртшылықты таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Хайрулла Сұлтанқожаев
Шымкенттік суретші Хайрулла Сұлтанқожаев. Видеодан скриншот: otyrar.kz

37 жастағы шымкенттік Хайрулла Сұлтанқожаев 14 жылдан бері сурет салумен айналысады, кейбір картинасына бар болғаны 15 минут қана жұмсайды екен. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өз шығармаларында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын көрсетуге ұмтылады.

Суретке жан бітіріп, сол арқылы тарихты жеткізе білу – көп адамның қолынан келе бермейтін өнер. Сондай шеберлердің бірі – Хайрулла Сұлтанқожаев. Ол 37 жасында Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен тарихын дәріптейтін "Қазақ өнері" тобында дарынды қолөнершілердің басын қосты. Топта 10-нан астам шеберлер бар, олардың әрқайсысының өзіндік ерекше қабілеті бар: кейбіреуі қылқаламмен, енді біреулері ағашпен және темірмен жұмыс істейді.

Олардың айтулы жобаларының бірі Түркістандағы этноауыл экспозициясы болды. Сондай-ақ Ақтөбе тарихи-өлкетану мұражайы, Тұрар Рысқұлов мұражайы мен Қорасан ата мұражайына экспозициялар жасады. Қазір бұл топ оқу орындарын безендіруге тапсырыстар алып жатыр.

"Қыркүйек жақындап қалды, мектептерден тапсырыстар көп түсіп жатыр. Мектепте жас ұрпаққа қазақ халқының күші мен ұлылығын көрсететін картиналарды жаңа көркемдік әдіс-тәсілдермен саламыз", - дейді Хайрулла Сұлтанқожаев.

"Қазақ өнері" тобының картиналары
"Қазақ өнері" тобының картиналары. Видеодан скриншот: otyrar.kz

Хайрулла Сұлтанқожаевтың айтуынша, туынды салу кезіндегі ең бастысы – шабыт. Мысалы, ол кейде бір картинаға 15 минут қана жұмсаса, екіншісін төрт жылдан бері салып келеді.

"Бір туындыны жасау қанша уақыт алады деген сұраққа нақты жауап жоқ. Кейде ол өте аз уақыт алады, ал кейде жылдарға созылады. Мұның бәрі шабыт пен көңіл күйге байланысты. Бұған көптеген фактор әсер етеді", - дейді суретші.

Суретшінің студиясында 50-ден астам жұмыс бар, бұл оның жұмысының аз ғана бөлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150613-15-minut-zhumsaimyn-shymkenttik-suretshi-tuyndysyn-tez-salumen-zhurtshylyqty-tanggaldyrdy-video/