Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті

Жарияланған күні:

Таиланд
Таиланд. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті. Тиісті құжат Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкі порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкі порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы" құжат пайда болды.

"Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман Таиландта титулдық жекпе-жек өткізетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150620-qazaqstan-tailandpen-vizasyz-rezhim-turaly-kelisimdi-bekitti/