Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының екі ауданында суық су уақытша өшіріледі

Жарияланған күні:

Қол жуғыш. Көрнекі фото
Қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

22 тамызда сағат 09:00-ден 00:00-ге дейін Бостандық және Алмалы аудандарындағы кейбір көшелер аймағында суық су өшіріледі. Бұл туралы "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы су" МКК ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қалада су құбырының технологиялық жабдықтарын ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілмек.

22 тамызда сағат 09:00-ден 24:00-ге дейінгі кезеңде тұрғын үйлерге және көшелер контурында орналасқан өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:

  • Алмалы ауданында: Мұқанов – Абай – Түркебаев – Қарасай батыр;
  • Бостандық ауданында: Жароков – Абай – Сәтпаев – Үлкен Алматы көлі.

"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер қажет", - делінген ресми хабарламада.

Компания өкілдері су сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екенін ескертіп, сантехникалық құрылғыларды (кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен басқа да аспаптарды) су құбыры желілері толық жуылғанға дейін пайдаланудан уақытша бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ мамандар уақыша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметінің нөмірін ұсынды: 274-66-66

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150653-almatynyng-eki-audanynda-suyq-su-uaqytsha-oshiriledi/