Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың сол жағалауында тағы бір автобус жолағы іске қосылады

Жарияланған күні:

Автобус жолағы
Тас жол. Көрнекі фото: instagram.com/police__astana

Астананың сол жағалауында тағы бір автобус жолағы іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлайды.

Елорда әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ертең, 20 тамызда тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады.

"Қазіргі уақытта бұл аудан қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді. Bus Lane жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді",- делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150767-astananyng-sol-zhagalauynda-tagy-bir-avtobuas-zholagy-iske-qosylady/