Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы мектептерде Илон Масктың интернеті қолданылып жатыр

Жарияланған күні:

Интернетке қосылып отырған ауыл балалары
Интернетке қосылып отырған ауыл балалары. Видеодан скриншот: turkistantv.kz

Илон Масктың интернеті Түркістан облысындағы 329 мектепке қосылып, кәдесіне жарады, деп хабарлайды Turkistantv.kz-ке сілтеме жасап.

Илон Масктың интернеті Түркістан облысындағы 329 мектептің игілігіне жарап тұр. Білім ұяларының бәрі өңірдегі шалғай және таулы аумақтарда орналасқан. Бұрын тіпті ғаламторға кірудің өзі қиын болған, дейді жергілікті тұрғындар.

Starlink спутниктік интернетін орнату арқылы білім саласындағы ең басты мәселе шешіледі.

Жуырда Starlink интернеті тағы бір мектепке қосылады. Бұдан бөлек, өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі орнатылған. Жақында 33 мектепті оптикамен қамту жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150785-turkistan-oblysyndagy-mektepterde-ilon-masktyng-interneti-qoldanylyp-zhatyr/