Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ірі тасбақалардың бірі: Шымкент зообағында жаңа тұрғын пайда болды

Жарияланған күні:

Өкшетемірлі тасбақа
Өкшетемірлі тасбақа. Фото: instagram.com/shymkentzoo

Шымкенттің зообағы тағы да толығып жатыр, бұл жолы әлемде сирек кездесетін ірі тасбақалардың бірі, "өкшетемірлі" деп аталатын түрі әкелінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент мемлекеттік зоосаябағына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент мемлекеттік зоосаябағының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Ресей мемлекетінен “Өкшетемірлі тасбақа” алып келінген.

Қазіргі уақытта тасбақа карантиннен өтіп, жаздық көру аймағына шығарылды. Сондықтан келушілердің оны көруілеріне мүмкіндіктері бар.

"Өкшетемірлі тасбақаның тәбеті, белсенділігі өте жақсы. Ветеринарлық дәрігерлердің және биологтардың күнделікті бақылауында", - делінген хабарламада.

Бұған дейін біз Шымкенттің қалалық зообағында екі үнді жайрасы дүниеге келгенін және мұның өте сирек кездесетін құбылыс екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150800-alemdegi-eng-iri-tasbaqalardyng-biri-shymkent-zoobagynda-zhanga-turgyn-paida-boldy/