Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы "Атырау" көпірінен көлікпен жүріп өткен тұрғын қамауға алынды (видео)

Жарияланған күні:

"Атырау" көпірі. Көрнекі фото
"Атырау" көпірі. Көрнекі фото: astana.citypass.kz

Астана тұрғыны "көлікпен жаяу жүргіншілер көпірінен өте аламын" деп досымен бәстескен. Салдарынан көлік жүргізушісі тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана соттарының Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ұсақ бұзақылық жасаған қала тұрғынына қатысты іс қаралды.

Соттың ақпаратынша, қоғамдық орын саналатын орталық саябақтың "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінде ер адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізген.

"Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, автокөлікті жаяу жүргіншілер көпірінде жүргізу туралы досымен бәстескенін, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Жасалған әрекеттің сипатын, кінәлінің жеке басын, оның құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, істің мән-жайын ескере отырып, көпірдегі жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген адамды тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жаңа құқықбұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында, соттың қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150833-astanadagy-atyrau-kopirinen-kolikpen-zhurip-otken-elordalyq-turgyn-qamauga-alyndy-video/