Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жүкті әйелді жолда толғақ қысты (видео)

Жарияланған күні:

Жүкті әйел
Жүкті әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Рудныйлық тұрғын полицияға көмек сұрап жүгінді. Оның әйелін жолда толғақ қысқан. Полицейлер көлікті перзентханаға жеткізді деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, патрульдік полиция ротасының инспекторлары Еркін Төлегенов пен Ержан Албатыров босанғалы отырған әйелдің ауруханаға жылдам әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз еткен. Полицейлер қызметтік көліктің жарқыраған шамдарын қосып, толғағы қысқан әйел отырған көлікті перзентханаға дейін алып барған.

"Серіктесім екеуміз экипаж құрамында қызмет атқардық.  Қостанайға кіре берістегі А-22 автожолының шамамен 10 шақырымында бізге ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі келіп, көлікте жұбайының толғағы қысып жатқанын хабарлады. Көп ойланбай, біз жарқырайтын шамдарды қосып, олардың кедергісіз жүруін қамтамасыз еттік", - дейді Еркін Төлегенов.

Перзентханаға жеткеннен кейін 6 минут өткен соң әйел дүниеге қыз баланы алып келген. Полицейлерге бұл қуанышты жаңалықты әкесі хабарлаған. 

Кейін ерлі-зайыптылардың Рудныйда тұратыны белгілі болды. Дүниеге келген қыз олардың отбасындағы сегізінші бала екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150970-qostanaida-zhukti-aieldi-zholda-tolgaq-qysty-video/