Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 миллион жылда бір рет кездесетін жағдай": сарапшы АЭС апатының ықтималдығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: John Harper / Getty Images

Астанада АЭС бойынша өткен жария талқыда Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков заманауи атом электр станциялары мен олардың сенімділігі туралы сөз қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қазіргі атом электр станциялары бірін-бірі толықтыратын және алмастыратын белсенді және бейтарап қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған", - деді ол.

Ол заманауи атом электр станцияларының қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

"Болар-болмас жайттың өзінің бастап кезеңінде реактордың қалыпты жұмысын сақтау үшін табиғат заңдарын қолданып, оны қалыпты жағдайға қайтаратын кері байланыс бар", - деп түсіндірді сарапшы.

Батырбеков "Фукусима-1" атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаға да тоқталып өтті.

"Фукусимадағы жағдайға келетін болсақ, қазіргі заманғы атом электр станциясындағы апаттың ықтималдығы 10 миллион жылда бір кездесуі мүмкін. Реактордың жұмыс істеу уақыты – 60-80 жыл ", - деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада АЭС құрылысы бойынша қорытынды тыңдалым өтті - бұған дейін олар Қазақстанның барлық аймақтарында өткен болатын. Талқылау барысында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АЭС құрылысына дайындық, атом саласы үшін кадрларды даярлау мәселелері қозғалды. Сарапшылар ядролық генерация және ядролық технологиялар туралы ақпаратпен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150980-10-million-zhylda-bir-ret-kezdesetin-zhagdai-sarapshy-aes-apatynyng-yqtimaldygy-turaly-aitty/