Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин туған ауылына барып, марқұм әкесіне Құран бағыштады (фото)

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/ nurbullin

Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин туған ауылы Жарқамысқа барып, марқұм әкесіне Құран бағыштап айтты. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Әнші туған ауылына сапарынан суреттерін жариялады.

"Көз көргендер аман болсын. Атам мен әжеме сәлем беріп келдім. Алла сіздерге ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазды ол.

Артынша өнер иесі марқұм әкесі Қадірәлі Қайруллаұлының бейітіне барды.

"Ауылға сапарымның басты мақсаты Құран бағыштау еді. "Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Нұрболат Абдуллин туған ауылында
Нұрболат Абдуллин туған ауылында. Скриншот: instagram.com/ nurbullin

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің әкесі осыдан үш жыл бұрын дүниеден озған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151010-nurbolat-abdullin-tugan-auylyna-baryp-marqum-akesine-quran-bagyshtady-foto/