Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелдіктер де құрылтайшы бола алады": қазақстандық әуежайлардың шетелдіктерге сатылып жатқаны рас па

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі сурет: Yorgos Karahalis/Bloomberg via Getty Images

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында әуежайларды шетелдіктерге сатуға заң аясында тыйым салынбағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қостанай әужайы шетелдіктерге сатылып жатыр ма?" деген БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр Қарабаев инвестордан өтінім келіп түспегенін, бірақ заң бойынша бұған тыйым салынбағанын айтты.

"Қостанайдағы әуежайды белгілі бір инвестордың сатып алатыны жөнінде ешқандай өтінім келіп түскен жоқ. Өтініш түсетін болса, мемлекет тарабынан міндетті түрде қарастырылады. Әуежай – стратегиялық нысан әрі оның кімге сатылып, кімге сатылмайтыны үкіметтің құзырында. Осы уақытқа дейін Қостанайдағы әуежайды сатып алуға ешбір инвестор ынта танытқан жоқ", - деді ол.

Қарабаевтың айтуынша, әуежайларға кез келген инвестор құрылтайшы бола алады.

"Әуежайларды қазақстандық инвестор да, шетелдік инвестор да алуы мүмкін. Қазақстандық инвестор болсын, шетелдік болсын – біз оны қолдаймыз. Өйткені қай кезде де әуежай мемлекеттік органдардың толық бақылауында болады. Оның құрылтайшысы шетелдік болса да, ол бақылаудан тыс қалмайды", - деді Қарабаев.

Министр Алматыдағы әуежайға шетелдік инвестор 250 млн доллар инвестиция салғанын атап өтті. 

"Тек Қостанайдағы емес, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстандағы әуежайлар – мемлекет меншігінде. Оларға инвестор тартып, инвестициялары арқылы инфрақұрылымын жаңғырту – мемелекеттің басым бағыттарының бірі. Бәрібір ол мемлекеттің бақылауында болады", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151028-sheteldikter-de-quryltaishy-bola-alady-auezhailardyng-sheteldikterge-satylyp-zhatqany-ras-pa/