Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда такси жүргізушілеріне 50 километрден артық жүруге тыйым салына ма

Жарияланған күні:

Читать на русском
Такси
Такси белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет кулуарында такси жүргізушілерінің жолаушылар тасымалын 50 километрге шектеу туралы ұсынысқа ойын айтты. Оның сөзінше, әзірге бұл ұсыныс бойынша нақты шара қарастырылмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр бұл жұмыс тобына қатысушылардың бірінің ұсынысы ғана екенін, бірақ мұндай түзету әлі талқыланбағанын атап өтті.

"50 километр немесе одан да көп, 100, 150 км-ге тыйым салу – бұл министрліктің ұсынысы немесе енгізіліп жатқан түзету емес.

Такси жүргізушілерінің тасымалын 50, 100 километр шектеу бойынша нақты өзгеріс қарастырылмаған, ұсынысқа қоғамдық тыңдау болған жоқ. Бұл жұмыс тобы мүшелерінің агрегаторлардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарының бірі ғана", - деді Қарабаев.

Министр талқылауға ешқандай шектеулер қарастырылмағанын айтты.

"Екі апта бұрын біз InDriver компаниялар тобының негізін қалаушымен кездесу өткіздік, мен жалпы InDriver менеджментінің, атап айтқанда, оның негізін қалаушының ұстанымы маған қатты әсер еткенін айтқым келеді. InDriver компаниялар тобының маңызды мақсаты – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтер көрсету", - деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда такси жүргізушілеріне жолаушыларды 50 шақырымнан артық тасымалдауға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151072-elimizde-taksi-zhurgizushilerine-50-kilometrden-artyq-zhuruge-tyiym-salyna-ma/