Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында шу шығарған екінші жолаушы анықталды

Жарияланған күні:

FlyArystan. Көрнекі фото
FlyArystan. Көрнекі фото: t.me/flyarystan_inform

Полиция Алматы әуежайында шу шығарған екінші жолаушыны анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында болған жайтқа қатысты әуекомпания өкілдері пікір білдірген еді.

Желіде FlyArystan рейсіне кешіккен жолаушылардың әуежайда шу шығарғаны туралы ақпарат тарады.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Олардың мәліметінше, полиция бөлімшесінің желілік бөлімі "Алматы-Астана" әуерейсінің жолаушыларының бірі қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.

Кейіннен құқық бұзған 31 жастағы әйелді анықтады.

Көліктегі полиция оған тиісті шара қолданды. Келіншектің үстінен ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151078-almaty-auezhaiyndagy-shu-shygargan-flyarystan-nyng-ekinshi-zholaushysy-anyqtaldy/