Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онда билет бағасы қымбаттайды": министр әуекомпанияларға айыппұл салу ұсынысына жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ билетімен құжат
Ұшақ билетімен құжат. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көлік министрі Марат Қарабаев "ұшақтағы орындар бойынша артық билеттер сату тәжірибесінен бас тартуға бола ма" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер үкімет кулуарында Қарабаевқа әуе компаниялардағы овербукинг қызметін реттеуге бола ма деген сұрақ қойды.

"Жалпы, бұл – халықаралық тәжірибе. Менің білуімше, қай мемлекетте болсын бұған шектеу жоқ. Бұл жерде бірнеше билет артық сатып алынғанмен, факт бойынша барлық жолаушы тіркелмеуімен байланысты. Сондықтан осы тәжірибеге сүйене отырып, әлемдегі барлық компания соның ішінде қазақстандық компаниялар да осы тәжірибені қолданады", - деді министр.

Сондай-ақ ол кәмелеттік жасқа толмаған қызды FlyArystan бортына бронь болғанына қарамастан жібермеген жағдайға тоқталып, бұл оқиғаға қатысты тиісті шаралар қолданылып, компанияға айыппұл салынғанын атап өтті.

"Қарастыруға болады деп есептеймін, бірақ оны әлі де жан-жақты зерттеу қажет болады деп ойлаймын, кейбір азаматтар, соның ішінде блогосфера өкілдері "белгілі бір заңбұзушылықтар үшін айыппұл көбейтейік" деген бастамамен шықты.

Иә, әуе компанияларының айыппұлын көбейтуге болады. Бірақ ақырында әуе компаниясы бұл айыппұлды өтеуі керек. Бұл әуе компаниясы билеттерінің қосымша құны болып, билет бағасының қымбаттауына әкеледі", - дейді министр.

Қарабаев бұл мәселе алдағы уақытта депутаттық корпуспен талқыланатынын атап өтті. Бұл ретте, біз әуекомпаниясына ғана емес, оның бірінші басшысына да заңбұзушылықтың жекелеген түрлері үшін ықтимал айыппұлдар туралы айтып отырмыз, деді Қарабаев.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті ұшаққа кәмелетке толмаған қызды кіргізуге рұқсат бермегені туралы жағдайдан кейін FlyArystan компаниясына айыппұл салынатынын хабарлады.

Сондай-ақ әуекомпаниясы қыздың анасына бітімгершілік келісімін ұсынғаны, ал әйелге моральдық өтемақы ретінде 4 миллион теңге уәде етілгені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151165-onda-bilet-bagasy-qymbattaidy-ministr-aviakompaniialarga-aiyppul-salu-usynysyna-zhauap-berdi/