Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатынан кейін жасырынған: шетелдік азамат Қазақстанға экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган ақпаратынша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады. 

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл сәуір айында ол Польшада ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Айта кету керек, Польша Республикасымен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, күдіктіні экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Польша Әділет министрлігінің арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151349-qylmystyq-zhauapkershilikke-tartu-ushin-polshadan-kudikti-ekstraditsiialandy/