Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырған: FlyArystan қызметкерлері жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

Fly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

21 шілдеде "Астана–Орал" бағытындағы рейске заңсыз жіберілмеген кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты FlyArystan әуе компаниясы және тиісті талаптарды бұзуға жол берген авиакомпания қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kazinform Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің ведомстаоға сілтеме жасап хабарлауынша, көптеген шағым мен жолаушылардың құқықтарына нұқсан келтірген оқиғаларды ескере отырып, министрлік жедел түрде тиісті шараларды қабылдады.

"Эйр Астана" әуе компаниясымен және FlyArystan АҚ-мен бірлесіп болған оқиғалардың мән-жайларын зерделеу, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайларды қайталамау мақсатында шаралар қабылдау үшін көшпелі жұмыс кеңесін өткізген Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерінен тұратын жұмыс комиссиясы құрылды. FlyArystan әуе компаниясы биылғы 21 шілдедегі "Астана – Орал" бағыты бойынша рейске заңсыз жіберілмеген кәмелетке толмаған жолаушы З. Галиеваға қатысты рейс мәртебесі өзгерген кезде, қызмет көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін FlyArystan әуе компаниясы ішкі процестерді оңтайландырды және балаларға қызмет көрсету бойынша алгоритмдерді қатаңдатты. Тиісті талаптарды бұзуға жол берген авиакомпания қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген Көлік министрлігінің агенттікке берген жауабында.

Еске салсақ, биыл жазда Орал қаласының қос тұрғыны, егіздер Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққаны, елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана – Орал бағытында ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойғаны хабарланған еді.

21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне 12 жасар қыз жіберілмегені белігі болды. Бұл оқиға қоғамда біраз талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151439-12-zhastagy-qyzdy-auezhaida-zhalgyz-qaldyrgan-flyarystan-qyzmetkerleri-zhauapkershilikke-tartyldy/