Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қыркүйекте оқушылар мұғалімдерге гүл сыйлай ала ма: оқу-ағарту министрі жауап берді

Жарияланған күні:

1 қыркүйек
Мектеп оқушысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек қарсаңында ең жиі қойылатын "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Назарбаев университетінде өткен конференция кулуарында оқу-ағарту министрі Білім күніне мұғалімдерге сыйланатын кең таралған сыйлықтар туралы пікірін білдірді.

"Тәттілер туралы ойлану керек, әркімнің тәттіге келгенде өз қалауы бар. Бірақ менің ойымша, оқушыдан гүл алу әрдайым жағымды көрінеді. Оқушылардың ұстазына шын көңілден, ризашылықпен гүл сыйлауы дәстүрге айналып кетті.

Гүл мәселесін ары қарай талқылау қажет деп ойламаймын. Әркімнің талғамы әртүрлі.

Гүлден асқан сыйлықты көріп тұрған жоқпын. Ұстаз ретінде мұғалімге шын көңілден берілген гүл ең жақсы сыйлық деп ойлаймын", - деп атап өтті министр.

Еске салсақ, биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келіп тұр. Сонда да алғашқы қоңырау салтанатты шарасы дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында айтты.

"1 қыркүйек – символикалық мәні бар күн. Сол үшін алғашқы қоңырау салтанаты жексенбі болса да, 1 қыркүйекте өтеді. Бұған дейінгі барлық уақытта салтанатты жиын дәл осы күні өткен. Биыл да ештеңе өзгермейді", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151637-1-qyrkuiekte-mektep-oqushylary-mugalimderge-gul-syilai-ala-ma-bilim-ministri-zhauap-berdi/