Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ластаев Қазақстандағы овербукинг тәжірибесі заңсыз екенін айтты

Жарияланған күні:

Төлқұжат және ұшақ
Төлқұжат және ұшақ. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев овербукингті (салондағы орындардан көп билет сату тәжірибесі – ред. ескертпесі) заңсыз деп атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Шамамен бес жыл бұрын тиісті норма енгізілген, онда орын саны сатылған билеттер санына сәйкес келуі керек делінген, яғни бұл мәселе заң жүзінде реттелген", - деді Ластаев .

Ластаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, әуекомпаниялар ұшақтағы орындардан көбірек билет сату арқылы заңды бұзып отырғанын айтты.

"Әуекомпаниялар осы норманы түсіне тұра, бұл тәжірибені қолданады. Анықталған жағдайда олар жауапқа тартылады", - деп қоса кетті вице-министр.

Сондай-ақ бүгін көлік вице-министрі Талғат Ластаев соңғы кездерде ұшақтардың неге жиі бұзылып жатқанын түсіндірген еді.

"Иә, тамыз айында тосын жайттар өте көп болды – бұршақ жауып, бес ұшақ зақымдалды, түрлі әуекомпаниялардың екі-үш ұшағы техникалық себептен, дауыл кезінде бір ұшақ контейнерден бүлінді. Әртүрлі себеп болуы мүмкін. Алайда бұл жағдайлар тамызда, яғни тасымалдаудың ең қызған шағында болып отыр. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін оқиғалардың әрқайсысына тергеу жүргізіп жатырмыз", - деді Талғат Ластаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151690-lastaev-qazaqstandagy-overbuking-tazhiribesining-zangsyz-ekenin-aitty/