Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің тоғыз мектебінде директор лауазымы бос тұр

Жарияланған күні:

сынып
Сабақ жүріп жатқан сынып. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкентте педагогтер жетіспейді. Мәселен қала мектептерінде 126 мұғалім тапшы болса, тоғызында директор лауазымы бос, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қала мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің, сондай-ақ жаратылыстану пәндерін орыс тілінде оқытатын мұғалімдері жетіспей жатыр. Сондай-ақ 9 білім беру мекемесіне директорлар мен үш балабақша меңгерушілерін тағайындауға конкурс жарияланды. Бұл туралы мегаполистің бас ұстазы брифинг барысында мәлімдеді.

"Қазіргі таңда қосалқы мектепке арналған мектеп-интернатының меңгерушісі, өнер және музыка мектептерінің меңгерушілері де бос тұр. 44 мектеп директоры қызметінен босатылса, 108 басшы конкурс арқылы басқа оқу орындарына ауыстырылды. Сондай-ақ үш балабақша меңгерушісінің қызметі көптен бері бос тұр. Бұл балабақшалар Түркістан облысынан көшірілді, содан болар, бұл орындарға ықылас танытатындар аз. 126 мұғалім тапшы", - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Нұргүл Шәмшиева.

Өткен оқу жылында білім беру ұйымдарында 747 бос орын ашылды. Олардың орнына жарияланған конкурсқа 2119 адам қатысты. Нәтижесінде іріктеуден сәтті өткен 475 мұғалім жұмысқа қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151705-shymkentting-togyz-mektebinde-direktor-lauazymy-bos-tur/