Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"281 көшенің аты жоқ": Шымкентте олардың кейбіріне жаңа атаулар ұсынылды

Жарияланған күні:

қала
Қала. Көрнекі фото: depositphotos.com

Шымкентте 281 көшенің атауы жоқ, сондай-ақ қайталанған көше атаулары да бар. Бүгін жауаптылар бұл мәселені шешу үшін, тұрғындармен кездесіп, мегаполистегі 195 көшеге жаңа атау ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"Тассай" шағынауданының көп жылдан бергі тұрғыны Қуатбек Бапаев аумақтағы бірнеше көшеде атау жоқ дейді. 65 жастағы ер адамның айтуынша, жаңадан салынған елді мекенге жедел жәрдемнің келуі мұң екен. Сондықтан маңайдағы жұртшылық көшелеріне атау ұсыныпты.

"Биік" спорт кешенінің маңайында тұрамыз. Әзірге көшенің аты болмай тұр. Жылдың басында өтініш айтып, біздің көшеге "Биік" атауын берсін дедік. Енді бұл мәселе оңды шешіледі деген үміттеміз", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Қуатбек Бапаев.

Шымкенттегі 281 көшенің атауы жоқ. Ал оның 84-інің атауы қайталанады. Бүгін жауаптылар тұрғындармен кездесіп, 195 көшеге атау ұсынды.

"Бізде Президент әкімшілімен бекітілген тарихи тұлғалар және жер-су атаулары мен дәстүрлі атаулар бар. Сол тізімнің ішінен 5 ауданның ұсынысы бойынша қазір 195 көшеге атау ұсынып отырмыз. Көпшіліктің таңдауына саламыз. Халық өзі таңдайды, ішінде қарсымыз деп, көшелеріне бұл атау болмайды десе, біз олардың мәселесін тағы қараймыз", - деді Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова.

Бүгінгі жиында ұсынылған атаулар республикалық онамастикалық комиссияда қаралады. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151732-281-koshening-aty-zhoq-shymkentte-olardyng-keibirine-zhanga-ataular-usynyldy/