Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

80 мың ампула: ҰҚК өкілдері ел шекарасына дәрі-дәрмектерді заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті (фото)

Жарияланған күні:

Шекарадан заңсыз өткізілген дәрі-дәрмектер
Шекарада анықталған заңсыз дәрі-дәрмектер. Фото: https://t.me/knbgov_kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Жетісу облысының теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын заңсыз алып өтпек болғандарды ұстады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратұа сүйенсек, 2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кескен.

"Шығу тегі белгісіз 80 мың ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды", - делінген ведомство ақпаратында.

Комитет өкілдері жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151871-80-myng-ampula-uqk-okilderi-el-shekarasyna-dari-darmekterdi-zangsyz-otkizbek-bolgandardyng-zholyn-kesti-foto/