Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Антикор символикасы бар файлдар жібереді": Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері алаяқтар туралы ескертті

Жарияланған күні:

Алаяқ. Көрнекі фото
Алаяқ. Көрнекі фото: Polisia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат таратып жатқанын ескертті. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.

Антикор халықты жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерді ашпауға, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырды.

"Мұндай қоңыраулар мен хабарларды алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы криминалдық полициясы интернет-алаяқтықтың танымал түрлері туралы айтып, сақ болуға шақырған. Осыған байланысты, Алматы полициясы қырағылық, сақтық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151913-antikor-zhalgan-akkaunttar-quryp-aqparat-taratatyn-alaiaqtar-turaly-eskertti/