Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан аумағынан қара металдардың қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

Жарияланған күні:

Металл
Металл қалдықтары. Көрнекі фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 19 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі № 304 "Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығын қабылдады.

"Бұйрықпен Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынды.

Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып саналады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомсто өкілдерінің мәлімдеуінше, министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып саналады.

Бұйрық 2024 жылғы 22 тамыздан бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151940-qazaqstan-aumagynan-qara-metaldardyng-synyqtary-men-qaldyqtaryn-shygaruga-uaqytsha-tyiym-salyndy/