Сқақов ӘМСҚ филиалы басшысы тағайындалғаннан соң бір аптадан кейін неге жұмыстан шығып кеткенін түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомМедициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы бүгінгі өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша қор басшысы қызметке тағайындалғаннан кейін бір аптадан соң неліктен жұмыстан босатылғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, Сәбит Құралбек – бірнеше филиалда қызмет еткен тәжірибелі басшы.
"Ротация болды, жалпы алғанда біз кадрларды түбегейлі жаңарттық, қордың ішкі резервін барынша пайдаландық. 15-ке жуық филиал басшысын ротацияладық, өйткені ұзақ уақыт бір қызмет атқарған, олардың қатарында ол да бар. Өз еркімен арыз берді, мен тиісті бұйрықты қанағаттандырып, қабылдадым", - деп түсіндірді Сқақов.
Сқақов бұл жағдайды ішкі мәселе деп атады.
"Бұл қызметтік этика, оның келісімінсіз мен басқа адамға, оның ішінде бұрынғы қызметкерге қатысты ақпарат бере алмаймын", - деді ӘМСҚ басшысы.
Айта кетейік, бүгін өткен брифингте Сқақов өзінің қанша айлық алатынын және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшері бойынша мемлекет емханалар мен ауруханаларға қанша млрд теңге қарыз екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152062-sqaqov-amsq-filialy-basshysy-tagaiyndalgannan-song-bir-aptadan-keiin-nege-zhumystan-shygyp-ketkenin-tusindirdi/