Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елестерді көп көремін": Түркістан облысында тау адамы тұрады (видео)

Жарияланған күні:

Шавкат Жұртанов
Шавкат Жұртанов. Видеодан скриншот: youtube.com/@Turkistantv

Түркістан облысы Созақ ауданында жасы алпысқа таяса да, жападан-жалғыз тау кезіп, сол жақты мекен ететін "Тау адамы" тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistan.tv арнасына сілтеме жасап.

"Түркістан облысы Созақ ауданының тауларында Маугли адам өмір сүріп жатыр, тіпті кескін-келбетіне дейін ұқсас. Шашы белуардан келеді", - делінген телеарнаның сайтында.

Оны көпшілік "Тау адамы" деп атап кеткен, себебі жасы алпысқа таяса да, осында келіп өмір сүруін тоқтатқан емес. Ол жыл сайын жаз шыға бере керегін арқалап, тауға аттанады. Тау басына күрке тігіп, 3-4 ай жападан-жалғыз өмір сүреді.

"Малым бар, жаным бар, түнде тұрып қараймын ғой. Жан-жағымда елестер, әне жерде, мына жолдан өтіп бара жатады. Былай келіп, мына жақта да тұрады, сондай елестерді көп көремін", - дейді "тау адамы".

Шавкат тау басында құр жүрмейді, құзар шыңның ең биік жеріне барып, әр нәрсені армандайды. Әсіресе актер болғысы келетінін айтады, тіпті сценарий де дайындап қойғанмын дейді ол. Дегенмен "әттең, қолдың келтесі-ай" деп отыр, өйткені шалғайда жүрген тау адамын әйгілі кинорежиссер Джеймс Кэмерон қайдан білсін?!

"Өткенде таудың басына шықсам, жаңбыр жауып тұр екен. Джеймс Кэмеронды ойлап жатқам, Жаңағы көз алдыма елестетіп жатырмын да, Оскарды жеңіп жатқанын, бірге киноға тұсіп жатқанын... Осының бәрін көз алдыма елестеп, көз жасыма ие бола алмай қалдым. Сөздің шыны керек, сол кезде бір шумақ өлең келіп қалды", - деген ол өлеңін де оқып берді:

Бұл дүние жұмбақ тылсым неткен,

Ей, тағдыр, салдың ғой қалың беттен.

Тәңір жазып кездессем Джеймс Кэмеронмен,

Шешілер құдіреті тылсым неткен.

Иә, оның арманы ерекше өзгеше, мұнысы тау басында жүріп саф ауаны жұтқаннан, бұлақ суын ішкеннен болар. Тау адамының бұдан да өзге қыры бар – ол ешқашан өшпейтінін сурет салады, яғни тасқа қашап салынған туындылар.

"Ол суретті айтатын болсам, "Бір өзім кең далаға сыймаймын" деп аталады. Бұл суреттегі қыз емес, ол менмін. Анау тұрған мен және лашын құс. Арманыма қарай ұмтылып жатырмын деген бейнеде", - деп түсіндірді тасқа қашалған суреттерін Шавкат Жұртанов.

Ол осы суреттердіс алып жүріп, көпшілікке танылған, ал мұндай ой сондағы петроглифтерді көріп жүріп туындаған екен. Тарихи туындыларды сурет салып жүріп бүлдіріп алған көрінеді. Жергілікті әкімдіктен ескерту келген соң ондай орындарға мүлде жоламайтын болдым дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152078-elesterdi-kop-koremin-turkistan-oblysynda-tau-adamy-turady-video/