Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көмір неге қымбаттады: Индустрия министрлігінің өкілі түсіндірді

Жарияланған күні:

көмір
Көмір. Көрнекі фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов өңірлердегі көмір бағасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тұрар Жолмағамбетов Қазақстан кеніштерінде көмір қанша тұратынын айтты.

"Бүгінде негізгі жеткізушілерде 7,1 мың теңгеден 9 мың теңгеге дейін болса: "Шұбаркөл көмір" бағасы – 8 мың теңге (өткен жылмен салыстырғанда 900 теңгеге қымбаттағаны байқалады), "Қаражыра" бағасы – 8,7 мың теңге (өсім – 200 теңге), "Майкөбен-Вест" бағасы – 7 мың 750 теңге (650 теңгеге өсім бар), "Шұбаркөл премиум" бағасы – 9 мың теңге (бағасы өзгеріссіз)", - деді ол.

Оның сөзінше, тұтынушылар өңірлік көмір операторларына жүгінетін өңірлерде баға 8-26 мың теңге аралығында.

"Бұл жерде кеніштің өзіне жақын орналасқан елдімекендер 8 мың теңгеден сатып алады.

Дегенмен бізде көмір шахталарынан біршама алыс орналасқан шалғай аймақтар бар, сонымен қатар бұл аймақтарда теміржол тасымалы болмауы мүмкін. Бұл жерде басқа да факторлар байқалып отыр. Сондай-ақ дизельдік отынның құны әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді Жолмағамбетов.

Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда көмірді экспорттауға тыйым салынған болатын.

Бұдан кейін құзырлы орган өкілдері бұл шешімнің тұрғындарға, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған қатты отынды Қазақстанның шекаралас облыстарынан көрші елдерге қайта сату үшін экспорттау деректерінің анықталуына байланысты екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152108-qazaqstanda-komir-nege-qymbattady-industriia-ministrligi-okili-tusindirdi/