Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сқақов ӘМСҚ топ-менеджерлері миллиондаған теңге сыйақы алады деген қауесетті жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Конверттегі ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов бүгін қор топ-менеджерлері миллиондаған теңге сыйақы алады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сауалды бүгін өткен брифингте журналистер қойды.

"Басқарма бес адамнан тұрады, олар соңғы үш жылда ешқандай сыйақы алмаған, бұрын да алмаған, қазір де алмайды. Менің және орынбасарларымның алатын сыйақысы жылына 650-700 мың теңге, директорлар кеңесі осындай шектеу қойған. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал коллектив алатын сыйақы белгілі бір қызметкердің табысына байланысты", - деді Сқақов.

Айта кетейік, бүгін брифингте медициналық сақтандыру қорының басшысы қанша жалақы алатынын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша емханалар мен ауруханаларға қарыз сомасын жариялады.

Шілде айында Жоғарғы есеп палатасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жүргізілген тексеру барысында ондаған миллиард теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152155-sqaqov-amsq-top-menedzherleri-milliondagan-tengge-syiaqy-alady-degen-qauesetti-zhoqqa-shygardy/