Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыблды ісі бойынша прокурор
Гүлмира Сатыблды ісі бойынша прокурор. Фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Бүгін өткен сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша сотта прокурор айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сот залынан хабарлайды.

Жарыссөз кезінде сотталушылар Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаев, сондай-ақ олардың адвокаттары сот залында болмаған, олар онлайн байланыс арқылы қосылды. Айта кетейік, бүгін қорғаушылар судья Кәкімжановтан бас тарту туралы өтініш айтты. Алайда бұл өтініш қанағаттандырылмай, сот талқылауға көшті.

Прокурор сот процесіне қатысушыларға Гүлмира Сатыбалдының туысы – әпкесінің күйеуі болған жәбірленуші Абай Жүнісовпен жұмыс істей бастаған кезді еске салды.

"Сатыбалды бірлескен қызметінде жеті жыл ішінде Жүнісовке шамамен жеті миллион АҚШ долларын аударған. Оған қоса Түркиядағы элит жылжымайтын мүлікті сатып алуға байланысты екінші деңгейлі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша төлемді қоса алғанда, 500 миллион теңгенің мүлкін аударған", - деді прокурор.

Прокурор сонымен қатар Сатыбалды Жүнісовті компаниядан ақша шығарып алды деп күдіктеніп, ақыры оны алты ай тұтқында ұстағанын айтып берді. Осы уақыт ішінде айыптаушы тараптың айтуынша, Сатыбалды Жүнісов пен оның інілерін серіктестіктердегі үлестерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті, автокөліктер мен арнайы техникаларды сенімді адамдарына беруге мәжбүрлеген. Сатыбалдының жүргізушісі Мәди Батыршаев Жүнісовті заңсыз бас бостандығынан айыруға көмектескен дейді прокурор.

Қорытынды бойынша Гүлмира Сатыбалды ауыр зардаптарға әкеп соққан адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, адам ұрлаумен байланысты емес, заңсыз бас бостандығынан айыруды жасады деп айыпталуда. Оған сондай-ақ аса ірі көлемде зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытып, бопсалау және озбырлық жасады деген айып тағылып отыр.

Батыршаевқа да адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ прокурор ұсынылған дәлелдемелердің бір-бірімен сәйкестігін, уақыты мен орны бойынша қайшылықтардың жоқтығын, сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті.

Бұдан кейін құқық қорғаушы Гүлмира Сатыбалды сотта өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, айыптаушы тараптың сұрақтарына жауап беруден бас тартқанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы да айғақ беруден бас тартты.

Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар жоқ. Бірақ прокурор Батыршаевтың асырауындағы жас балаларды жеңілдететін мән-жай деп санады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын негізге ала отырып, прокурор соттан Сатыбалдыны кінәлі деп танып, жалпы 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді, жазасын ауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.

Ал прокурор Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152209-prokuror-gulmira-satybaldyny-13-zhylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/