Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі ұл, бір қыз: Түркістан облысында тағы бір үшем дүниеге келді

Жарияланған күні:

Түркістан облысында дүние есігін ашқан үшем
Түркістан облысында дүние есігін ашқан үшем. Фото: gov.kz

Кентау қаласы Хантағы ауылында үшем туды: екеуі – ұл, біреуі – қыз. Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысында осымен сегізінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кентау қаласы Хантағы ауылының тұрғыны Бақыткүл Саттархан үшемді дүниеге әкелді. Үшемдердің екеуі – ұл, біреуі – қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Айта кетейік, үшемдер мерзімінен бұрын, жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келген. Сәбилер 1 келі 480 грамм, 1 келі 380 грамм, 1 келі 280 грамм салмақта дүние есігін ашты.

Бүгінде нәрестелер 2 айға жуық тексеру, күтіп-баптау жұмыстары бойынша дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ ана мен балалардың жағдайы бірқалыпты. 28 жастағы Бақыткүл Саттарханның айтуынша, ол тұңыш баласын 6 жыл күткен. Енді араға бір жыл салып, үшемдер туылған. Бүгінде Ермахановтар отбасында үлкен қуаныш.

Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары, Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, сәбилерге арналған сыйлықтарын табыстады.

Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында 765 сәби дүниеге келген. Оның 18-і егіздер болса, үшемді дүниеге әкелген бір ана.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында жетінші үшем дүниеге келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152267-turkistan-oblysynda-duniege-tagy-da-ushem-keldi/