Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ": Ұлытауда сотталған колония қызметкерлерінің туыстары жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлытау облысында колонияның 11 қызметкеріне "түрмедегілерді ұрып-соғып, есінен тандырған" деген айып тағылып, нәтижесінде колония бастығы мен оның орынбасары 6,5 жылға, қалған бес қызметкер мен ұлттық гвардияның төрт өкілі 4-4,5 жылға сотталған. Алайда айыпталғандардың туыстары бұл шешіммен келіспейді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Балаларымыз жұмысына түн ішінде дабылмен шақыртылған. Олар бағынбаушылықты басу және тыныш ұйықтап жатқан қала тұрғындарына қауіп төндірмеу мақсатында заңды түрде іс-әрекеттер жасаған. Ешкімге, ешқандай психикалық әлімжеттік немесе физикалық зорлық-зомбылық көрсетпеген", - дейді айыпталушының анасы Зәуреш Жанұзақова.

Оқиға 30 мамыр күні болған. Айыпталушылардың жақындары түрмеде шу шығарғандардың арасында аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер болғанын алға тартты. Айтуларынша, олар өз-өзін ұрып, денесін жарақаттаған. Тіпті пышақпен тіліп, қызметкерлерді қорқытпақшы болды, дейді.

Сонымен қатар камерадағы бейнежазбалар үшты-күйлі жоқ, дейді олардың туыстары. Олар айғақтардың іске қосылмағанына наразы.

"Сотталғандар өз-өзіне қасақана жарақат салған. Сол жерде болған жұмыскерлер ешқандай медициналық көмек көрсетпеді деп жазады. Бірақ ол жерде дежурный, жұмыста болған азаматтардың барлығы жедел-жәрдем шақырған. Мекеменің ішінде барлық жерде камера бар ғой. Балалардың жетондары бар. Іс басталған кезде 4 баланың жетоны жоқ. Неге? Неге іске қосылмады?" - деді айыпталушының бауыры Назкен Әлжанова.

Сот процесі 4 айға созылған. Үкім 30 шілдеде шықты.

Сот шешімі бойынша мекеме бастығы мен оның орынбасары 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Қалған бес түрме қызметкері мен ұлттық гвардияның төрт өкілі 4-4,5 жылға сотталған.

"Аталған дерек 2023 жылдың 31 мамырынан 1 маусымына қараған түні Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша мекемеде орын алған болатын. Оқиға болған жерге барған кезде сол мекеменің жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандар осы мекеме қызметкерлері тарапынан азаптау фактісі орын алғаны туралы жеткізді. Осы деректі тексеру мақсатында бізбен ҚҚ 146 бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді Ұлытау облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Жәнібек Мұқан.

Әділдік іздейміз деген 11 қызметкердің жақындары істі жылы жауып қоймаймыз дейді. "Әділ шешім үшін табанын тоздыруға дайын" екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда олар сотқа апелляциялық шағым түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152296-eshkimge-zorlyq-zombylyq-korsetken-zhoq-ulytauda-sottalgan-koloniia-qyzmetkerlerining-tuystary-zhanaiqaiyn-zhetkizdi/