Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Ресейде арнайы операция жүргізді (фото)

Жарияланған күні:

ҰҚК операциясы
ҰҚК операциясы. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, "Солтүстік бағыт" деп аталатын Ауғанстанның есірткі контрабандасы арнасын жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл тамыздағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

Тінту барысында олардан "қара" нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.

Құзырлы орган мәліметінше, осы дерек бойынша бойынша тергеу жүргізілуде.

Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152428-uqk-auganstannan-zhetkiziletin-esirtki-arnasyn-zhoidy-foto/