Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда маньяк пайда болды деген ақпарат тарады: полицейлер түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей
Полицей. Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматылықтар бір-біріне маньяк туралы хабарлама жіберіп жатыр. Полицейлер жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мессенджерде тараған ақпаратта Жұлдыз-1 шағынауданында ер адам балаларды аңдып жүргеені, тіпті баласын ұрлап кету үшін әйелді ұрғаны туралы айтылған.

Осыған қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін полицияға хабарласты.

"Алматы қалалық полиция департаменті әйелдің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен бірге маньяк балаларды аңдып жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қалалық полициясы жалған ақпарат таратпауды және жалған деректердің қайталануына жол бермеуді талап етеді.

Бұл әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152452-almatyda-maniak-paida-bolgany-turaly-habarlama-tarady-politseiler-tusinikteme-berdi/