Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana қазаннан бастап Астанадан Таиландтағы ең танымал курорттық аралға тікелей рейстер ашады

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: piqsels.com

Air Astana 26 қазаннан бастап Астанадан аптасына 3 рет жиілікпен Таиландтағы ең ірі курорттық арал Пхукетке тікелей тұрақты рейстер ашады. Бұл туралы компания Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Компания ақпаратынша, жаңа әуе қатынасы қазіргі Алматы-Пхукет-Алматы аптасына 5 рет орындалатын және 26 қазаннан бастап күн сайын қатынайтын тікелей рейсіне қосымша енгізіледі.

Ұшулар келесі кесте бойынша жүзеге асырылады (жергілікті уақыт көрсетілген):

  • КС163 рейс Астанадан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сағат 21: 40-та ұшып кетеді және Пхукетке 07:45 + ұшып барады.
  • Қайтар КС164 рейс Пхукеттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері сағат 09.30-да ұшып кетеді және Астанаға 16: 10-да ұшып келеді.

Ұшу ұзақтығы – 8 сағат 05 минут, кері – 8 сағат 40 минут.

"Рейстер заманауи тар фюзеляжды A321LR ұшағымен орындалаады: бизнес-класында 16 орын және эконом-класында 150 орын бар. Бизнес-кластағы жоғары сапалы, толық жайғастырылатын креслолар мен экономикалық кластағы эргономикалық креслолар жолаушыларға жоғары жайлылықпен сапарлауға мүмкіндік береді және ойын-сауық жүйесі бар жеке мониторлармен жабдықталған", - делінген хабарда.

Екі жаққа да билеттер құны, алымдарды есепке алғанда, эконом-санатта 334 144 теңгеден басталады. Билеттерді сату ашық, оларды әуекомпанияның сайтында немесе авторизацияланған агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Айта кетсек, қазақстандықтар Таиландта 60 күнге дейін визасыз бола алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152510-air-astana-qazannan-bastap-astanadan-tailandtagy-eng-tanymal-kurorttyq-aralga-tikelei-reister-ashady/