Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 қыркүйектен бастап оқушылар онлайн сабақ оқитыны рас па: санитария дәрігерлері жауап берді

Жарияланған күні:

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Мәліметті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында жоққа шығарды.

"Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі.

"Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152531-15-qyrkuiekten-bastap-oqushylar-onlain-sabaq-oqityny-ras-pa/