Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл 1 қыркүйекте Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылмайды

Жарияланған күні:

алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы қаласының мектептерінде алғашқы қоңырау демалыс күніне байланысты 2 қыркүйек өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте айтты.

"Білім басқармасымен келісілгендей, 1 қыркүйек – демалыс күні, ал 2 қыркүйекте таңертең салтанатты жиын болады. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Жиын ұзаққа созылмайды, барлық мектепте шамамен 10-15 минут өтеді", – деді Сайлаубай.

Айдын Сайлаубай
Қалалық білім бөлімінің орынбасары Айдын Сайлаубай: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Бұған дейін білім министрі Ғани Бейсембаев елімізде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте өтетінін, басқа күнге ауыстырылмайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152560-almaty-mektepterinde-algashqy-qongyrau-2-qyrkuiekte-sogylady/