Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушысы буллингке ұшыраса, не істеу керек

Жарияланған күні:

Буллингке ұшыраған оқушы
Мектептегі буллинг: pexels.com

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мектептердегі буллинг мәселесі көтеріліп, оқушылар мектепте әлімжеттік көрсе, қайда жүгінуге болатыны айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оқушылар шұғыл қоңырау шалуға арналған нөмір және QR кодтар арқылы буллинг туралы хабарлай алады. Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты.

"Буллингке тап болған бала 111 қысқа нөміріне SMS жібере алады. Біз Алматыда арнайы QR кодтар дайындап, көрінетін жерлерге іліп қойдық. Егер бір мәселе мазалап жүрсе, соны сканерлеп, шағымын жібере алады. Сонымен қатар психологиялық көмектер қарастырылған", - деді ведомство өкілі.

Айдын Сайлаубай қазір психологиялық көмек орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Орталық ауданды түгел қамтып, қиын жағдайға тап болған оқушыларға көмектеседі.

Буллинг — бұл мектепте балаларды қорлау, мазақ ету немесе ұрып-соғу. Ол әртүрлі түрде болады: сөзбен қорлау, ұру, топтан шеттету немесе интернет арқылы қудалау. Буллинг оқушының көңіл-күйін бұзып, мектепке барғысы келмейтіндей әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152618-mektep-oqushysy-bullingke-ushyrasa-ne-isteu-kerek/