Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орын тапшылығы: Алматыдағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылды

Жарияланған күні:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық білім басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сайран Сайфеденовтің айтуынша, мегаполистегі оқушы орындарының тапшылығы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 30 мыңға жеткен. Бұл ретте 215 мектептің 86-сы шамадан тыс толып тұр. Онда балалар саны жоспарланған шектен екі есе көп. Сондай-ақ ол биыл мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылғанын атап өтті.

"Ең көп бірінші сыныптар Наурызбай, Алатау ауданында, сондай-ақ Медеу және Алмалы аудандарында байқалады. Ең көп бірінші сынып Алатау ауданында, №204 мектепте 18 бірінші сынып бар", - деді Сайфеденов.

Әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпованың сөзінше, жыл сайын оқушылар санының өсуі 31 мыңға жетіп отыр. Биыл көрсеткіш аз – 28 мың. Алайда мектептерге қабылдау кезінде дүрбелең туындайды.

"Қалалық мектептер шамадан тыс толып қалды, 29-30 мың оқушы орны тапшы. Біз 2024-2025 жылдары іске қосылатын "Жайлы мектеп" жобасы іске асатынынан үміттіміз. Сонымен қатар әкімдік жыл сайын өз қаражаты есебінен тағы 3-4 қалалық мектептің құрылысын қаржыландырмақ. Мұның бәрі жер учаскелеріне байланысты болып тұр.

Жалпы, 2026 жылдан бастап біз біртіндеп бір ауысымды оқытуға көшеміз деп үміттенеміз", - деді Нүсіпова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152621-oryn-tapshylygy-almatydagy-mektepterding-birinde-18-birinshi-synyp-ashyldy/