Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған салтанатты шаралар өтетін болды

Жарияланған күні:

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әкімдік өкілдері 1 қыркүйекте Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылмайды деген мәлімдемені жоққа шығарды. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматыда Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтеді.

"Білім күні" 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Менің Отаным – Қазақстан!" тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала мектептерінде алғашқы қоңырау демалыс күніне байланысты 2 қыркүйекте өтетінін айтқан еді.

"Білім басқармасымен келісілгендей, 1 қыркүйек – демалыс күні, ал 2 қыркүйекте таңертең салтанатты жиын болады. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Жиын ұзаққа созылмайды, барлық мектепте шамамен 10-15 минут өтеді", - деген еді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152629-almaty-mektepterinde-1-qyrkuiekte-bilim-kunine-orai-saltanatty-zhiyndar-otetini-malim-boldy/