Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жаңа бас имам тағайындалды

Жарияланған күні:

Бас имамды тағайындау сәті. Фото
Бас имамды тағайындау сәті. Фото: muftyat.kz

23 тамызда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысының бас имамы болып Амантай Садиев тағайындалды. Бұл туралы Діни басқармаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан мұсыландары діни басқармасы сайтында жарияланған ақпарат бойынша, ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай жамағатқа бас мүфтидің жолдауын жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Амантай Әбілдаұлын таныстырды. Сонымен қатар Ақтөбе облысының бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлына ризашылығын білдірді.

Жаңа имамның алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ақтөбелік жамағат бұған дейін облыс бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлының иығына шапан жауып, алғысын білдірді.

"Серікжан Еншібайұлы осы жылдар ішінде Ақтөбе облыстық өкілдігінің қызметін жандандырып, облыстағы діни ахуалды жақсартуға күш салды. Діни маман тұрақтандыру, діни кадр даярлау істерін жолға қойды. Алла разы болсын. Ал енді жаңадан келіп жатқан бас имам да өздеріңізге бөтен емес. Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам болып қызмет еткен. Тәжірбиелі діни маман. Қолдау білдіресіздер деп сенеміз. Алла тағала екі имамға да жар болғай", - деп тілек білдірді бас мүфтидің кеңесшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152740-aqtobe-oblysynda-zhanga-bas-imam-tagaiyndaldy/