Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда екі бала тереңдігі 20 метр болатын тік жардан құлап кеткен

Жарияланған күні:

Балаларды құтқару сәті. Фото
Балаларды құтқару сәті. Фото: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодарда тік жардан құлап кетіп, жоғары шыға алмай қалған екі балаға құтқарушылар көмекке келген. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы желісінде жарияланған ресми ақпаратқа сәйкес, 23 тамызда сағат 13:40-та теміржол көпірінің жанында екі бала тереңдігі 18-20 метр болатын тік жардан құлап кетіп, өздігінен көтеріле алмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Құтқарушылар құтқару көлігімен және су көлігімен оқиға орнына дереу жеткен. Альпинистік құралдардың көмегімен олар балаларды жоғарыға шығарып, 103 қызметіне тапсырған.

Құтқару операциясына Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің алты қызметкері қатысқан.

"Құтқарушылар тұрғындарға су қоймасының маңында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп, балаларды қадағалауға шақырады", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде үш баланың лифтіде қамалып қалғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152759-pavlodarda-eki-bala-terengdigi-20-metr-bolatyn-tik-zhardan-qulap-ketken/