Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Жандосов көшесінің кей учаскелері бірнеше күнге жабылады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Жандосов көшесінің кей учаскелеріне орта мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты кей учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сонымен 24 тамыз сағат 23:00-ден дүйсенбі, 26 тамыз сағат 07:00-ге дейін Яссауи көшесінен Шаймерденов көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Яссауи және Шаляпин көшелерінің бойымен шығыс бағытта айналма жол қарастырылады. Ал 25 тамыз жексенбі сағат 23:00-ден 27 тамызда сағат 07:00-ге дейін Шаймерденов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Шығыс бағытта Шаймерденов, Мырзағұлұлы Бекет Ата, Мусин көшелерімен, батыс бағытта – Саин, Шаляпин, Яссауи көшелері бойынша айналма жол қамтамасыз етіледі.

"Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз",- делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың уақытша бағытын өзгерткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152771-almatyda-zhandosov-koshesining-kei-uchaskeleri-birneshe-kunge-zhabylady/