Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойынға таққан": Ақмола облысында ортағасырлық қорымнан қола айна табылды

Жарияланған күні:

Қола айна
Қола айна. Фото: Мәдениет басқармасы

Ақмола облысында орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында археологиялық қазба жұмыстарының барысында мойынға тағатын аспалы қола айна табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облысында Мәдениет басқармасының бастамасымен "Жошы ұлысының 800 жылдығы" және ҚР Конституция күніне орай археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 

"Қазба жұмыстары Зеренді ауданындағы Васильковка ауылының оңтүстік - шығысында, Шағалалы өзенінің бойында орналасқан орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында жүргізілген.

Оған археолог, Евразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Үкеев, ақын, өлкетанушы Алмас Темірбай және Евразия ұлттық университетінің магистранттары Мұса Рысбергенов, Сүлейман Тлекішев, Әмір Тагленов, Артур Мухаметзянов және Өзен орта мектебінің мұғалімі Шынболат Оралов пен оқушылары қатысты.

"Қазба жұмыстары барысында адамның сүйектері және мойынға тағатын аспалы қола айна табылды", - деді ведомстводан.

Ал бұған дейін Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152813-moiynga-taqqan-aqmola-oblysynda-ortagasyrlyq-qorymnan-qola-aina-tabyldy/