Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

"Талапкер" тақтайшасының алдына жиналған адамдар
"Талапкер" тақтайшасының алдына жиналған адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша білім грантын иеленгендердің тізімін жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалған. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болған.

"Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты", - делінген ведомство хабарламасында.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram-дағы арналарынан танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152839-elimizde-magistratura-boiynsha-bilim-granttary-iegerlerining-tizimi-zhariialandy/