Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жолақысын төлеуден жалтармақ болған жолаушы такси жүргізушісіне жұдырық жұмсаған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Такси
Такси белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкшетауда жолаушы такси қызметіне ақша төлеудің орнына жүргізушіге жұдырық жұмсаған. Бұл жайт бойынша оқиға орнынан қашып кеткен жолаушы күдікке ілінді, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамыз таңғы сағат 7 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасына Ақана сері көшесінде болған жағдай туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.

Жәбірленушінің айтуынша, оның көлігіне белгісіз ер адамдар отырған. Діттеген жерге жеткен кезде жолаушылардың бірі көліктен тез шығып кеткен, екінші жолаушы да жолақысын төлеместен көліктен шығып кетпек болған.

Жүргізушінің өтінішіне құлақ асудың орнына жолаушы оның бетінен ұрып, дене жарақатын келтіріп, қашып кеткен.

Полицейлер бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын мәлімдеді. Сараптама тағайындалған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, қазір оның бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152852-kokshetauda-zholaqysyn-toleuden-zhaltarmaq-bolgan-zholaushy-taksi-zhurgizushisine-zhudyryq-zhumsagan/