Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше өрт қаупі сақталады: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай жарқылы
Найзағай жарқылы: freepik.com

25 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде дерлік ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада 25 тамызда найзағай күтіледі.

Шымкентте 25-27 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

25 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Ертең түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жексенбі Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 тамызда күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. 25-27 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ертең күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 түнде, 26 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. 25-26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жексенбіде Абай облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

25 тамызда Атырау облысы бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жексенбі Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

25 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жексенбіде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

25 тамызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152893-totenshe-ort-qaupi-saqtalady-elimizding-birneshe-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/