Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген агрессия": Алматыда жол үстінде бір жүргізуші екінші жүргізушіні соққыға жыққан (видео)

Жарияланған күні:

Бір ер адам екінші ер адамды ұрып жатыр
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

Желіде Алматыда жол бойында екі жүргізуші арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Видеодан бір жүргізуші екінші жүргізушіні ұрып жатқанын көруге болады. Бұл жайтқа қалалық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда болған жағдайдың видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Қалалық полиция департаменті өкілдері Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімшесінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу шараларының қорытындысы бойынша іс материалдары сотқа жолданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Назар аударыңыз: видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152912-ne-degen-agressiia-almatyda-zhol-ustinde-bir-zhurgizushi-ekinshi-zhurgizushini-uryp-sogyp-zhatqan-satting-videosy-tarady/