Алматыда қатты дауыл кезінде таудан түсе алмаған жас туристер құтқарылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда екі жас турист құтқарылды. Олар қатты дауыл кезінде таудан уақытында түсе алмай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтерілді.
Ауа райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып тиісті уақытқа дейін түсе алмады.
"РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді. Жастарға медициналық көмек қажет болмады. ", - делінген хабарламада.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
- Сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін.
- Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
- Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.
- Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153007-almatyda-qatty-dauyl-kezinde-taudan-tuse-almagan-zhas-turister-qutqaryldy/